УАҚЫТША БОС ОРЫНҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ТӨЛЕ БИ АТЫНДАҒЫ
№8 ГИМНАЗИЯСЫ» КММ
УАҚЫТША БОС ОРЫНҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
1. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының
білім бөлімінің Төле би атындағы №8 гимназиясы» КММ
Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 138 үй
Анықтама, байланыс номері: 45-58-01.
Электрондық пошта: tolebi8taraz@mail.кz
2. Негізгі функционалдық міндеттері:
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы №873 қаулысымен бекітілген «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі кешенді жоспарын», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасын, «Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №139 бұйрығын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.
Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жаңа педагогикалық технологиялар мен білім берудің жаңа мазмұнын сынақтан өткізуге арналған эксперименттке қатысады, жүргізеді (Қала мектебі жағдайында жаһандық құзыреттіліктерді қалыптастырудың ұйымдастыру-әдістемелік негіздері). Білім алушылардың жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеуметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әр түрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және дайындауға қатысады, оны оқу жоспары мен оқу үрдісі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді. Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттырады.1. Қосымша білім беру педагогы лауазымы (уақытша бос орын (2022-2027жж.) 2 бірлік жүктеме), еңбек ақысы 120000-150000 тг. (еңбек өтіліне байланысты)
2. Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар, қазақ, ағылшын тілдерін білуі қажет. Педагог 2022-2027 жылдарға арналған ғылыми-педагогикалық экспериментті жүргізуді жүзеге асырады.
3. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 12-20 тамыз аралығында.
Үміткер кандидаттардан келіп түскен құжаттарды, конкурстық комиссиясының құжаттарды қарау мерзімдері: 2025 жылдың 21-27 тамыз аралығында.
Конкурс өткізу күні: 28 тамыз 2025 жыл
4. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №362 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №486 бірлескен) бұйрығының 3- тарау 113-тармағына сәйкес жүргізіледі.
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
5.Конкурстық құжаттар: Тараз қаласы, Абай даңғылы №138 мекен-жайында орналасқан Төле би атындағы №8 гимназиясының қабылдау бөлімінде қабылданады.