УАҚЫТША БОС ОРЫНҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ТӨЛЕ БИ АТЫНДАҒЫ
№8 ГИМНАЗИЯСЫ» КММ
УАҚЫТША БОС ОРЫНҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
1.«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының
білім бөлімінің Төле би атындағы №8 гимназиясы» КММ
Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 138 үй
Анықтама, байланыс номері: 45-58-01.
Электрондық пошта: tolebi8taraz@mail.кz
2. Негізгі функционалдық міндеттері:
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.
Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пән ерекшелігін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылардың жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеуметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әр түрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті қысқа мерзімді жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды ендіруді қамтамасыз етеді. Білім алушыларды мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және дайындауға қатысады, оны оқу жоспары мен оқу үрдісі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді. Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады.
Бастауыш сынып мұғалімі лауазымы (уақытша бос орын (декреттік орын) 1 бірлік жүктеме, 16 сағат ), еңбек ақысы 170000-180000 тг. (еңбек өтілі,санатына байланысты)
3. Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар: пән бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес
4. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 21-29 тамыз аралығында.
5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығының 3-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату 113-тармағына сәйкес жүргізіледі.
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.