15
июнь
2020
«Елбасы медалі» бағдарламасына кімдер қатыса алады
«ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ»
Қатысушылар «Алтын», «Күміс», «Қола» деңгейлерінің бірін таңдап, қарым-қабілеттерін жеті бағыт бойынша жетілдіреді: спорт, дағды мен дарын, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибесі. Әр кезеңді өткен сайын қатысушы мықтылығын, дарынын жетілдіреді, оның өз күшіне деген сенімі артады. Ал жобаның финалына шыққандар алдағы жеңістерінің бастауы болатын - «Елбасы Медалімен» марапатталады!
Деңгейді таңда және «Елбасы Медалі» жобасымен бірге көшбасшылардың жаңа буын қатарына қосыл!
Бағдарлама салауатты өмір салтын ұстану, кітап оқу, қоғам өміріне белсенді ат салысу сияқты өмір сүрудің дұрыс негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Неден бастау керек?
Деңгейді таңдап, 7 бағыт бойынша бағдарламаны бастаңыз
Баланың Елбасы Медалін алуға ұмтылысын қолдаған сайын, сіз оның болашағына инвестиция саласыз.
Сіздің балаңыз бағдарлама шеңберінде келесі бағыттарда дамиды:
Бағдарламаға қатысу үшін порталға тіркеліп, қатысуға өтінім қалдыру қажет. Өтінім тіркелгеннен кейін саған Бағдарламалар және тұрғылықты немесе оқитын жеріңе сәйкес тәлімгер ұсынылады. Сонымен қатар саған нормативтер мен жеке кесте жіберіледі. Нормативтер мен кестені алғаннан кейін сен Бағдарлама талаптарын орындау қажеттілігі туралы хабарландыру аласың. https://me.fnn.kz/

ЕЛІМІЗДІҢ ЕҢ АУҚЫМДЫ #CHALLENGE-НЕ ҚОСЫЛ!
Бұл жоба жасы 14 пен 29 аралығындағы өр мақсатты Қазақстан жастарына арналған.Қатысушылар «Алтын», «Күміс», «Қола» деңгейлерінің бірін таңдап, қарым-қабілеттерін жеті бағыт бойынша жетілдіреді: спорт, дағды мен дарын, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибесі. Әр кезеңді өткен сайын қатысушы мықтылығын, дарынын жетілдіреді, оның өз күшіне деген сенімі артады. Ал жобаның финалына шыққандар алдағы жеңістерінің бастауы болатын - «Елбасы Медалімен» марапатталады!
Деңгейді таңда және «Елбасы Медалі» жобасымен бірге көшбасшылардың жаңа буын қатарына қосыл!
БАҒДАРЛАМА
Бағдарламаның мәні - қатысушының 7 бағыт бойынша мақсатты және жүйелі қызметіне негізделеді. Қатысушы тіркеледі, оған тәлімгер бекітіледі. Тәлімгер басшылығымен қатысушы 7 бағыт бойынша мақсаттарды анықтайды, тапсырмалар немесе бейнесабақтар алады және оларды орындайды, яғни бағдарлама талаптарын орындау арқылы жоспарланған мақсатқа жетеді.Бағдарлама салауатты өмір салтын ұстану, кітап оқу, қоғам өміріне белсенді ат салысу сияқты өмір сүрудің дұрыс негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Неден бастау керек?
Деңгейді таңдап, 7 бағыт бойынша бағдарламаны бастаңыз
ҚАҒИДАЛАР
Он төрт жастан он тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды «Елбасы медалі» ерекшелік белгісімен марапаттау ережелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 249 қаулысымен бекітілген..АТА-АНАЛАРҒА
Әрбір ата – ана баласына ең жақсы білім беруге, оны дамытуға және дарындарын ашуға, коммуникациялық дағдыларын жетілдіруге, жеңіске ынталандыруға және оның тиімді уақыт өткізуін қамтамасыз етуге ұмтылады. «Елбасы Медалі» жобасы осы мақсаттарға қол жеткізуде сіздің сенімді одақтасыңыз бола алады.Қатысу артықшылықтары
Сіздің балаңыздың «Елбасы Медалі» жобасына қатысуы оның таланттарын ашуға және оның дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Әр деңгей аяқталған соң сіздің балаңыз дербес, мақсатқа жету жолдары бар өзіне сенімді тұлға болып қалыптасады.Баланың Елбасы Медалін алуға ұмтылысын қолдаған сайын, сіз оның болашағына инвестиция саласыз.
Сіздің балаңыз бағдарлама шеңберінде келесі бағыттарда дамиды:
- спорт және дене шынықтыру
- дарын мен дағды
- кітап оқу
- ұлттық мұра
- еріктілік
- туристік саяхаттар
- еңбек тәжірибесі
- баланың өзіне деген сенімі артады
- сәйкестік сезімі пайда болады
- бастама көтеруге ынтасы артып, өз ісіне жауапты болады
- өзінің күшті жақтарын түсінеді
- бойындағы жаңа дарын мен дағдыны ашады
- уақытты тиімді жоспарлауды және пайдалануды үйренді
- жаңа достар табады
- көшбасшылық пен командалық жұмыс дағдыларын дамытады.
ЖАУАПКЕРШІЛІК
Жобаға қатысу ерікті және тегін. Қатысушылар мақсаттар мен міндеттерді өз бетінше анықтайды, өз уақытын жоспарлайды және бағдарламаны табысты іске асыру үшін тәлімгерлердің көмегін пайдаланады. Алайда, ата-аналар мен қамқоршылардың бағдарламаны өтуде атқаратын орны зор. Сондықтан баланың қызығушылығы мен бастамасын қолдау өте маңызды.- Мұнда сіз балаға көмектесуге арналған бірнеше кеңестер оқи аласыз
- Сұрақтарыңыз болса, FAQ парақшасында жауаптармен таныса аласыз FAQ
- Жауап табылмаған жағдайда 7170 нөмірі арқылы call-орталыққа хабарласуыңызға болады. Қоңырау шалу тегін.
Бағдарламаға қатысу үшін порталға тіркеліп, қатысуға өтінім қалдыру қажет. Өтінім тіркелгеннен кейін саған Бағдарламалар және тұрғылықты немесе оқитын жеріңе сәйкес тәлімгер ұсынылады. Сонымен қатар саған нормативтер мен жеке кесте жіберіледі. Нормативтер мен кестені алғаннан кейін сен Бағдарлама талаптарын орындау қажеттілігі туралы хабарландыру аласың. https://me.fnn.kz/