Мамандықтар марафоны
Төле би атындағы №8 гимназияда 6 ақпан күні "Еңбегі адал - жас өрен" жобасы аясында 9 сыныптар арасында "Мамандықтар марафоны" атты мектепшілік конкурс өткізілді. Конкурсқа 9-сыныптар қатысып, ІІІ орынды "Аманат" тобы, ІІ орынды "Халық" тобы мен "Төле би тарландары" тобы, І орынды "Театр саңлақтары" тобы иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, жеңімпаз топ қалалық байқауға жолдама алды.