16
ноябрь
2022
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы айлығы
Төле би атындағы №8 гимназия «Зерде» ғылыми-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 16 қараша күні "Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім алушылардың оқу сауаттылығын, әлеуметтік ортада еркін қарым-қатынасқа түсу дағдысын жетілдіру үшін жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігін арттыру" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті кафедра айлығының ашылуы өтті. Сабақ барысында оқыту формаларын тиімді пайдалану арқылы оқушылардың оқудағы өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту, білім сапасын көтеру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ашық сабақтар, тренингтер, мәнерлеп оқу, сахналық қойылым, эссе жазу байқауы, "Ұлттың рухани көсемі" тақырыбында дөңгелек үстел, "Бұрымды қыз" (5-11 сыныптар арасында шаш өрімі, шашпау тағу, әшекей бұйымдар тағу) байқауы, "Тақия FEST" челленджін өткізу жоспарланып отыр.