Қамқоршылық кеңесі
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Төле би атындағы №8 гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Өткізілген уақыты: 18.05.2018ж.
Қатысқандар:
<!-1.Гимназия директоры Ә.Әзімбай
<!-2.Гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Р.Бектібаева
< 3.Қамқоршылық кеңес мүшелері, барлығы – 13
Күн тәртібінде
1.Төле би атындағы №8 гимназиясының жаңа оқу жылына арналған міндетті мектеп формасын бекіту туралы
Тыңдалды:
Алғашқы сөз кезегін гимназия қамқоршылық кеңесінің төрайымы Д.Балаева алып, қамқоршылық кеңес алдында орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша сөз қозғады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығын, "Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп
формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым Министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі №248 бұйрығын таныстырып өтті.
Кеңес төраймы Д.Балаева Білім және ғылым министрінің орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы бұйрықтарын басшылыққа ала отырып, гимназияның міндетті мектеп формасына өзгерістер енгізіліп, қайта бекітуді ұсынды.
Жарыссөз:
А.Үкібаева – кеңес мүшесі.
Мектеп формасы о бастан қалыптасқан қағида. Әр мектептің ішкі ережесі бар. Бірдей үлгіде мектеп формасын кию бәсекені жояды. Қай қоғамда немесе қай заманда болмасын әлеуметтік жағдай, жікке бөлінушілік сынды ұғымдар орын алып жатады. Біздің гимназиямызда бұрын енгізілген мектеп формасын сақтап, бірақ, шотландық үлгідегі қыздарға арналған белдемшелердің тізеден жоғары болмауы қажет және бірыңғай спорттық киім үлгісінің болуын ережеге енгізуді ұсынамын.
Ш.Баубаев-кеңес мүшесі.
Бірыңғай мектеп формасын, сонымен қатар бірыңғай спорттық форманы енгізу дұрыс деп санаймын. Өйткені біз шетелден әкелінген балалар киімін сатып аламыз. Ал бірыңғай спорттық форма енгізілсе, оны міндетті түрде жергілікті тігін фабрикаларынан тіктіреміз. Осылайша отандық өнімнің жандануына аз да болса септігімізді тигіземіз. Сонымен қатар, оның бағасы да қолжетімді. Бұл жағынан қиындық болмайды деп ойлаймын. Белдемшенің тізеден жоғары болмауы қажет деген ұсыныста орынды.
Н.Досанова – кеңес мүшесі.
Белдемшенің ұзындығы туралы талапты жаңа оқу жылының бірінші күнінен бастап талап ету керек. Ал спорттық бірыңғай костюмді оқу жылының барысында, мүмкіндігінше ата-аналар қамтамасыз етуге тырысуы керек.
А.Мұзафар – кеңес мүшесі.
Бірыңғай спорттық киім үлгісі ақ футболка, сұр түсті, сары жолақты спорттық костюм, спорттық платформасыз аяқ киім түрінде ұсынайық.
А.Исмаилова - Кеңес мүшесі.
Міндетті мектеп формасына қатысты ұсынылған өзгерістерді хаттамалық шешіммен бекітіп, Ішкі тәртіп ережесіне толықтырып енгізуге, бекітуге ұсынайық.
Гимназияның міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізу туралы ұсыныс барлық кеңес мүшелерінің тарапынан мақұлданды.
Шешім:
1. Гимназияның міндетті мектеп формасының үлгісі
төмендегідей болып бекітілсін:
1.Форманың жалпы стилі – классикалық, іскерлік.
Гимназия формасы келесі түрлерге бөлінеді:
1. Жоғарғы буын оқушыларының формасы
2. Орта және бастауыш сынып оқушыларының формасы.
3. АӘД формасы
4. Спорттық форма
2. Жоғарғы буын оқушыларының формасы
Ұлдар – ақ жейде, қара-көк түсті костюм-шалбар, галстук.
Қыздар – ақ түсті жейде, қара-көк түсті пиджак, галстук және шотландық үлгідегі белдемше (тым қысқа немесе тым ұзын болмауы керек), қыс мезгілінде қара- көк түсті классикалық шалбар.
3.Орта және бастауыш сынып оқушыларының формасы.
Ұлдар – ақ жейде, қара-көк түсті костюм -шалбар, галстук.
Қыздар – ақ түсті жейде, қара-көк түсті пиджак, галстук шотландық үлгідегі белдемше (тым қысқа немесе тым ұзын болмауы керек, тізеден жоғары болуға жол берілмейді), қыс мезгілінде қара- көк түсті классикалық шалбар.
4. Спорттық киімдер
Спорттық киімге қойылатын талаптар: ақ футболка, сұр түсті, екі шетінде сары жолақты спорттық костюм, спорттық платформасыз аяқ киім.
5. АӘД формасы
Ұлдар - әскери жейде және галстук, қара түсті шалбар.
Қыздар - әскери жейде, галстук, шотландық үлгідегі белдемше (қыс мезгілінде қара- көк түсті классикалық шалбар).
2. Қамқоршылық кеңесі тарапынан ұсынылған міндетті мектеп формасы гимназия директорына бекітуге ұсынылсын.
3. Оқушыларды міндетті мектеп формасымен қамтамасыз ету, ата-аналардан талап етілсін.
4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығын, "Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі №248 бұйрығының орындалуы гимназия әкімшілігі мен қамқоршылық кеңес тарапынан қатаң бақылауға алынсын.
Қамқоршылық кеңес төрайымы Д.Балаева
Хатшы А.Исмаилова