«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – Жаңартылған білім беру мазмұны білімнің жаңа сапасының кепілі» тақырыбындағы қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция! » Төле би атындағы №8 гимназия
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімі
«Төле би атындағы №8 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Гимназия директоры :
+7(7262) 45-33-51
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 45-58-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – Жаңартылған білім беру мазмұны білімнің жаңа сапасының кепілі» тақырыбындағы қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция!
17
январь
2018

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – Жаңартылған білім беру мазмұны білімнің жаңа сапасының кепілі» тақырыбындағы қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция!

2017 жылы 01 қарашада Төле би атындағы №8 гимназияда «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – Жаңартылған білім беру мазмұны білімнің жаңа сапасының кепілі» тақырыбындағы қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – Жаңартылған білім беру мазмұны білімнің жаңа сапасының кепілі» тақырыбындағы қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция!


Мақсаты: Орта білімнің жаңартылған мазмұнын оқу үрдісіне ендіру барысында кездесетін мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылау
Міндет: -Мұғалімдерге жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу үрдісін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат беру
-педагогтардың тәжірибелік дағдыларарын қалыптастыру және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру
Конференция жұмысына Педагогикалық Шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалының қызметкерлері, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушылары, қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, серіктес мектеп педагогтары, Төле би атындағы №8 гимназия мұғалімдері, барлығы 131 педагог қатысты.
( Серіктес мектептер №21 - 4 мұғалім, №17 -3, №52 -3, №29-6, №56-4, №34-4, №11-4, №55-4, №58-2, №59-2, №9-2, №45-2 мұғалім)
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – Жаңартылған білім беру мазмұны білімнің жаңа сапасының кепілі» тақырыбындағы қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция!


Бағдарламада көрсетілген тәртіп бойынша пленарлық мәжілістің жұмысы Педагогикалық Шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалының аға менеджері Тортаева Гүлмира Балтабайқызының «Критериалды бағалаудың мектеп пен мұғалім үшін маңызы», ТарМПУ, Үштілді білім беруді дамыту бөлімінің басшысы Жансая Жорабекқызының «Үштілді білім беру әлемдік кеңістікке кірудің тиімді жолы» тақырыбындағы баяндамалармен жалғасты.


Сонымен қатар №48 орта мектебі директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.К.Абашова «Дұрыс жоспарлау – тиімді сабақ кепілі» және Төле би атындағы №8 гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ағыбаева Жанат Хасенқызы «Латын әліпбиіне көшудің заманауи аспектілері: жай-күйі мен болашағы» тақырыбындағы баяндамаларын оқып, таныстырылым жасады.

Конференцияның екінші бөлімі секциялық жұмыстармен жалғасты. Секция жұмыстары «Білім берудің жаңартылған мазмұнын ендіру: тәжірибе, проблемалар, шешу жолдары» тақырыбында өтті.
Секция жұмыстарында бастауыш және негізгі орта білім берудің жаңартылған мазмұны негізінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері бойынша жүргізді.

І секция - Бастауыш сынып мұғалімдері.
Тренер – Амирбекова Қалдыкүл Сембекқызы Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері,
Модератор – Талғарбаева Света Жүрсінбекқызы, ІІ деңгей мұғалімі.
Қатысушы мұғалімдер саны - 45

Келесі кезекте өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісетін бастауыш сынып мұғалімдерінің баяндамалары тыңдалды:

1 Қуатбекова М. «Сауат ашу сабақтарында интербелсенді әдістерді қолдану»
2. Айтбекова Б. "1 сыныпта математиканы оқыту ерекшеліктері"
3.Бағдарлама бойынша Құрманова Нұргүл «Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау ерекшеліктері» тақырыбындағы баяндамасын ұсынды.
Жарыссөз соңынан секция отырысына қатысушылармен пікір алмасу өтті. Қатысушылар өз ойларын ортаға салды. Өздерін ойландырған сұрақтармен бөлісті.

ІІ секция – Жаратылыстану пәні мұғалімдері. Тренер – Нарегеева Агура Маарбаевна. Педагогикалық Шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалының тренері. Модератор - Оразқұлова Гүлжан Алтынханқызы. І деңгей мұғалімі.
Жарыссөз:1) « Жаңартылған білім берудің ерекшеліктері» Г. Алмуханова – математика пәні мұғалімі;
2) «Критериалды бағалау технологиясының ерекшеліктері» М.Жанадилова – физика пәні мұғалімі;
3) «Білім берудің жаңартылған мазмұның жаратылыстану пәндеріне ендіру тәжірибесі» М. Темирова- биология пәні мұғалімі өз іс тәжірибелерімен бөлісті.

ІІІ секция – Тіл білімі. Тренер – Тоқтағанова Ақбота Сағындыққызы -Педагогикалық Шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалының аға менеджері. Модератор –Сембаева Бекзат Пернебекқызы. І деңгей мұғалімі.
Қатысушы мұғалімдер саны - 54
Секциялық жұмыста қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р.Атахожаева «Жиынтық бағалау тапсырмаларында кездескен кедергілер және олардан шығу жолдары», орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Мукаева «Внедрение обновленной программы образования в практику», ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Рахимова « Жаңартылған білім мазмұның ендірудегі кездескен кедергілер және олардан шығу жолдарын іздестіру» тақырыбындағы баяндамаларын оқып, іс-тәжірибелерін ортаға салды.

Секциялық жұмыстарында бастауыш және негізгі орта білім берудің жаңартылған мазмұны негізінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері бойынша , жаңартылған білім беру мазмұны негізінде пікір алмасу жүргізілді: жаңартылған оқу материалын меңгеруінің алғашқы нәтижелері бойынша талдау қорытындысымен бөлісті; жаңартылған білім беру мазмұны негізінде оқу процесін ұйымдастырудың күрделі мәселелердің бірі – оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауды жүзеге асыруда туындаған мәселелер мен оны шешу жолдары бойынша тәжірибелерімен бөлісті; оқу процесінің жақын, орта және алыс мерзімдік жоспарын жүзеге асыру мәселелері бойынша тәжірибелерін ортаға салды. Конференция мақсаты да осы еді.